ӘПСАНА — ХИКАЯТ

lat: ÁPSANA — Hıkaıat

(парсы, афсане ертегі, араб, хикаят әңгіме қазақ фольклорлық прозасынын, жанры. Бұл терминді орыс, Европа әдебиеттерінде қалыптасқан «легенда» (лат. legenda) ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С. Қасқабасов енгізген. Ә. X. бағзы бір заманаларда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әмбиелердін ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерге негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі. Ә. х.-дан аңызға да, миф, ертегілерге де тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым көне, архайкалық сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптың бағдарды діттейтін сюжеттік-композициялық шарттылықтың басымдығы, көп нұсқалылық ә. х-н негізгі ерекшеліктері. Ә. х. шартты түрде тарихи-мекеңдік, діни-кітаби, әлеуметтік-утопиялық деп үшке бөлінеді. Тарихи-мекеңдік ә. х. есте жоқ ескі дәуірде өткен оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескеңдір, Зұлқарнайын, Қызыр, Қорқыт туралы ә. х.). Діни-кітаби ә. х. құран хикаяларын мазмұндап, әулиелердің тағдыр-талайын, тіршілік тауқыметін, т. б. өзек етеді. (Мысалы, Аюп, Мұса, Әзірет-Әли, Нұх, т. б. туралы ә. х.). Ал әлеуметтік-утопиялық, ә. х. халықтың тәңірі алқаған абат мекен. Жер-ұйық хақындағы ой-ардағы ой-арманынан туындайды (Асан қайғы, Абат, Өтеген батыр іздейтін Жерұйық, Жиделі-Байсын туралы ә, х.). Доскенов Ғ.